Балқан таудың баурайында (текст)

Сен – Балқанда, мен – мұнда, ара қашық,
Сағынышым күн сайын барады асып.
Мақпал кештер кетіпті-ау тым алыстап,
Сағым қуған жылдармен араласып.

Мен кеткенде Балқанда көктем еді,
Бел-белестер құлпырып көктеп еді.
Жадыратқан жанымды лебің болып,
Жібек желі Арқаның өпкен еді.

Балқан таудың баурайына ұзап барып,
Қос көңілден жүруші-ек сыр ақтарып.
Асыл еркем, өткеннің белгісіндей,
Жүрегімде қалыпты шырақ жанып.

 

Сөзі: Шаймерден Әлдибеков

Әні: Илья Жақанов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: