Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын боз тайлақ бос келеді.
Ай-күнім, бұлбұлым,
Қалайша, еркем, көңілің.
Кішкентайдан бірге өскен құрбым едің,
Сені ойласам көзіме жас келеді.
Ай-күнім, бұлбұлым,
Қалайша, еркем, көңілің.
Сен қалайсың, қарағым, мен дегенде,
Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде.
Ай-күнім, бұлбұлым,
Қалайша, еркем, көңілің.
Тигізетін құрбыңа пайдаң бар ма,
Сені ойлаймын күндіз-түні шөлдегенде.
Ай-күнім, бұлбұлым,
Қалайша, еркем, көңілің.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: