Бүлдірген (4-нұсқа) (текст)

Айт дегенде өлеңді айта алмаймын, бүлдірген,
Айт дегеннің көңілін қайтармаймын бүлдірген.
Балаларым алдыма келіп қалды-ау, бүлдірген.
Топтан шыққан торыдай жайтаңдаймын, бүлдірген.

Тауда өскен бүлдірген,
Таста өскен бүлдірген,
Балаларым болмаса,
Жағдайымды кім білген.

Айт дегенде мен неге оқталмаймын, бүлдірген,
Кесіп алған тоғайдан оқтаудаймын, бүлдірген,
Жасы кіші балалар келгенінде, бүлдірген,
Бір-екі ауыз өлеңге тоқталмаймын, бүлдірген.

Тауда өскен бүлдірген,
Таста өскен бүлдірген,
Балаларым болмаса,
Жағдайымды кім білген.

Айтайт, жаным, айт, жаным, өлең білсін, бүлдірген,
Не көрмейсің Алладан, өлмей жүрсең, бүлдірген,
Көрер едік Алладан өлмей жүрсек, бүлдірген,
Түндігі алтын, бауы жез үйге кірсек, бүлдірген.

Тауда өскен бүлдірген,
Таста өскен бүлдірген,
Балаларым болмаса,
Жағдайымды кім білген.

Ағайынды өлеңім абысынды, бүлдірген,
Жаза тастан қамшымның сабы сынды, бүлдірген,
Айналайын атаның дәулетінен, бүлдірген,
Жібермеймін ешкімге намысымды, бүлдірген.

Тауда өскен бүлдірген,
Таста өскен бүлдірген,
Балаларым болмаса,
Жағдайымды кім білген.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: