Мертігіп жүдеп
Өртеніп жүрек,
Қабаржып қабақ.
Мұңданам неге,
Бүржарған сезім.
Нұрланған кезім,
Өткен күн қолым,
Бұлғаған беді,
Қ-сы
Бір кем дүние,
Жалған дүние.
Біреуге бақ біреуге сор,
Арман дүние.
Бұралаңым бар,
Құлағаным бар.
Сынбауды сенен
Үйрендім өмір
Шырмауық күндер
Бұрғанып кеудем
Сезіммен қолым
Сүйгенмін өмір
Қ-сы
Бір кем дүние,
Жалған дүние.
Біреуге бақ, біреуге сор,
Арман дүние.
Сөзі: Ботакөз Бексары
Әні: Әйгерім Сырлыбаева
Орындаушы: Төреғали Төреәлі