Гүл Пәтиме (текст)

Қара су есік алды бойламадым,
Келерін кәріліктің ойламадым-ей.

Күлім көз айдай,
Ауылым қайда-ай.

Келерін кәріліктің ерте ойласам,
Айқасып құлын-тайдай ойнамадым-ай.

Күлім көз айдай,
Ауылым қайда-ай.

Мекені ауылымның ой ма, қыр ма,
Қонады бел ағашқа қайтқан тырна.

Күлім көз айдай,
Ауылым қайда-ай.

Түскенде мен есіңе, ей, перизат,
Шырқап сап, осы әніме қолың бұлға.

Күлім көз айдай,
Ауылым қайда-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: