Айт дегенде өлеңді аярым жоқ,
Жолжорғам бар жеткізбес, аяңым жоқ-ай.
Оралыңның барында ойна да күл,
Өтіп дәурен барады-ай, баяны жоқ-ай.
Қыздарда да қыздар бар
Жарылмаған қауындай.
Жігітте де жігіт бар
Базар тонның бауындай.
Ой-и-й
Гүл-гүл жайна,
Күл де ойна
Қыз-бозбала шағында.
Айт дегенде өлеңді іркілмеймін,
Жолға түскен жорғадай бүлкілдеймін-ай.
Әзіліміз жарасқан ортамызда,
Ойнап-күліп дос-жаран жүрсін деймін-ай.
Қыздарда да қыздар бар
Жарылмаған қауындай.
Жігітте де жігіт бар
Базар тонның бауындай.
Ой-и-й
Гүл-гүл жайна,
Күл де ойна
Қыз-бозбала шағында.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: