Асау өмір арнасында,
Шалқып сәби сезімменен.
Он жыл мектеп партасында,
Бірге отырдым өзіңменен.
Қайырмасы:
Сездіруге батпадым да,
Бала махаббатымды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды.
Елес беріп келешегің,
Қимасыңа баладың ба?
Қоштасарда неге сенің,
Жас толқыды жанарыңа.
Қайырмасы:
Іңкәр еткен атар таңға,
Қош бол енді бала көктем.
Бізді алыс сапарларға,
Шақырады самолеттер.
Қайырмасы:
Сөзі: М.Шаханов
Әні: М.Шаханов
Орындаушы:
Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=elDptiR6hHg