Гүл-елес (текст)

Жетелеп жүрген бір үміт,
Жетер деп саған сенгенмін.
Теңселіп кеттім гүл іліп,
Терезесіне кеудеңнің.
Жанымды саған ұсындым,
Жаралар болсаң өзің біл,
Жазығым болса, түсіндір,
Жалының болса, сезіндір.
Көрген ем сені түсімде.
Жанарың күндей күлегеш.
Сағынтып өту үшін бе,
Сағым боп кеттің гүл-елес.
Жанымды саған ұсындым,
Жаралар болсаң өзің біл,
Жазығым болса, түсіндір,
Жалының болса, сезіндір.
Көңілімді көзбен оқы да,
Шөліме нөсер себелет.
Ойланбай түсер отыңа,
Мен де бір көзсіз көбелек.
Жанымды саған ұсындым,
Жаралар болсаң өзің біл,
Жазығым болса, түсіндір,
Жалының болса, сезіндір.

 

Сөзі: М. Ақдәулетов

Әні: М. Ілиясов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: