Қарлығаш қанатты қасың бар
Қара түн мақпалдай шашың бар
Кең жазық ақ маңдай ай мекен
Өзіңдей перизат қайда екен
Гүлсің-ау, гүлсің-ау
Айналайын гүлсің-ау
Қарсы алдымнан қашанда
Шалқып шыққан күнсін-ау
Гүлсің-ау, гүлсің-ау
Айналайын гүлсің-ау
Қарсы алдымнан қашанда
Шалқып шыққан күнсін-ау
Гауһардай жайнаған жанарың
Жалт етсе күйемін жанамын
Ойнаған көкің бар назың бар
Бір саған арнаған сазым бар
Гүлсің-ау, гүлсің-ау
Айналайын гүлсің-ау
Қарсы алдымнан қашанда
Шалқып шыққан күнсін-ау
Гүлсің-ау, гүлсің-ау
Айналайын гүлсің-ау
Қарсы алдымнан қашанда
Шалқып шыққан күнсін-ау
Азабын тартқан жан мен бе едім
Сиқырлы періштем сен бе едің
Сәулем-ау самалы жел ме едің
От пе едің бет пе едің білмедім
Гүлсің-ау, гүлсің-ау
Айналайын гүлсің-ау
Алыстағы армандай
Зарықтырып жүрсің-ау
Гүлсің-ау, гүлсің-ау
Айналайын гүлсің-ау
Алыстағы армандай
Зарықтырып жүрсің-ау
Гүлсің-ау, гүлсің-ау
Айналайын гүлсің-ау
Қарсы алдымнан қашанда
Шалқып шыққан күнсін-ау
Гүлсің-ау, гүлсің-ау
Айналайын гүлсің-ау
Қарсы алдымнан қашанда
Шалқып шыққан күнсін-ау.
Сөзі: Б.Тәжібаев
Әні: Е.Хасанғалиев
Орындаушы: