Сылаң қаққан сипатын көрмегендей, Абайкөк,
Денесі мен мүсіні сөйлегендей, ай-ай деп.
Сұлу сымбат жайдары балбыраған, Абайкөк,
Еш адамға көз қиып бермегендей, ай-ай деп.
Бар тілеуім көңілімдегі
Жалғыз ғана сіз-ай деп,
Ойдан өмір кетпейтұғын
Сіздің ақша жүз-ай деп.
Иығына жамылған жібек шоқа,
Жағасы мен етегі тіккен оқа.
Көз тойғандай қараса келбетіңе,
Ондайлы денесіне киім жұқа.
Бар тілеуім көңілімдегі
Жалғыз ғана сіз-ай деп,
Ойдан өмір кетпейтұғын
Сіздің ақша жүз-ай деп.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: