Дайдидау (2-нұсқа) (текст)

Хат жаздым қалам алып сізге, еркем,
Жүзің бар он төртінші айдай көркем.
Есіме сен түскенде, беу қарағым,
Қозғайсың қатып қалған іштің дертін.

Е-ей, іштің дертін,
Дайдидау, іштің дертін, ай-ияу!

Шыныңмен менен, достым, қалғаның ба-ай,
Мойныңа айырылуды алғаның ба-ай!
Екеуміз айырылмастай болып едік,
Қайтейін бұл дүниенің жалғанын-ай.

Е-ей, жалғызбын-ай,
Дайдидау, жалғызбын, ай-ияу!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: