Тағдыр жолы күтпеген жол, тосын-ау,
Гүлді өмірде, нұрлы өмірде осынау.
Бұл дүниеге ғашық болып жүрген шақта екеуміз,
Бал-балалық қоштасты ма, досым-ау.
Көздер-ай жанған,
Көздер-ай арман,
Қайда-ау қайран, балғын шақ.
Досым-ау көктем,
Гүлді дәурен – сол бір шақ.
Жүрегіміз гүлге құмар ғашық па-ау,
Дауыл сезім толқытып сан тасытты-ау.
Келер күнді сағынып біз жүрген шақта екеуміз,
Балдәуренім қоштасуға асықты-ау.
Көздер-ай жанған,
Көздер-ай арман,
Қайда-ау қайран, балғын шақ.
Досым-ау көктем,
Гүлді дәурен – сол бір шақ.
Бәлкім ерте есейдік пе өзіміз,
Інілердің жанарында көзіміз.
Көңілдерден кетпес мәңгі, кетпес мәңгі, досым-ау,
Армандарға ғашық болған кезіміз.
Көздер-ай жанған,
Көздер-ай арман,
Қайда-ау қайран, балғын шақ.
Досым-ау көктем,
Гүлді дәурен – сол бір шақ.
Сөзі: Шөмішбай Сариев
Әні:
Орындаушы: Жоламан Тұрсынбаев