Дүние (текст)

Дүние дүниеден, дүние жалған-ей,
Күлмеген, ойнамаған қапыл қалған әй-угай.
Күл де ойна, гүл-гүл жайна, осындайда-ей,
Қызығы дүниенің әнге салған әй-угай.

Дүние, қудым сені бала жастан-ей,
Өмірдің аз-көбіне қарамастан әй-угай.
Күл де ойна, гүл-гүл жайна, осындайда-ей,
Бұл дүние әлі-ақ өтер ғазиз бастан әй-угай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: