Қыс өтіп, көктем келсе жаз болады,
Кейбіреу күн өткенге, ей, ахау, мәз болады-ау.
Жетсе де жасың жүзге бұл өмірде,
Бәрібір ажал жетсе, ей, ахау, аз болады-ау.
Жерге егін шықпайды өзі, екпесеңіз,
Келмейді арман өзі, ей, ахау, жетпесеңіз-ау.
Көнбейтін дұрыс іске адам болмас,
Абайлай ақылменен, ей, ахау, етпесеңіз-ау.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: