Ей-ау (текст)

Ән дегенде жасымнан аттай желем-ай,
Ар жағымнан ән салсам ей-ау келеді өлең-ау.
Ата-бабам жасынан өлең қуған-ай,
Мен сондықтан өлеңге ей-ау, көңіл бөлем-ау.

Әке-шешем өлеңге болды құмар-ай,
Кей біреулер болады-ей-ау, әнмен сыңар-ау.
Ән дегенде жалықпай айтушы еді-ай,
Ән атасы болғанда ей-ау өзі шынар-ау.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: