Ей-ау (2-нұсқа) (текст)

Көк ала үйрек ұшады, ей-ау, көл дегенде,
Сірне татыр сілекей шөлдегенде-ау.
Бағаласам бағаңа, ей-ау, жан жетпейді,
Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде-ау.

Бір қамшы бар қолымда, ей-ау, алтындаған,
Ұстай алмай кей жаман қалтылдаған-ау.
Жай білетін жағдайды, ей-ау, бір баласың,
Жауап берші жағдайлап салтыңменен-ау.

Ісің түссе жаманға, ей-ау, жалтарады,
Бір жақсылық басынан артылмаған-ау.
Жақсы адамның мінезі, ей-ау, сөзді орады,
Балғасындай ұстаның шартылдаған-ау.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: