Айт десеңіз айтайын айдай он бес-ей,
Асауынан үйреткен тайдай он бес, сәулем-ай.
Тіршіліктің барында ойна да күл-ей,
Қайта айналып келмейтін қайран он бес, сәулем-ай.
Бірің – қайың, бірің – тал.
Бірің – шекер, бірің – бал.
Қайсыныңды қалайын,
Екеуің де ақ сұңқар.
Мен үйрендім өлеңді он жасымнан-ей,
Денем ауыр тартады қорғасыннан, сәулем-ай.
Жер-су баспас тайпалған жорға дағы-ей,
Кәртейген соң танбай ма жорғасынан, сәулем-ай.
Бірің – қайың, бірің – тал.
Бірің – шекер, бірің – бал.
Қайсыныңды қалайын,
Екеуің де ақ сұңқар.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: