Бұлғынның тауы биік, бауыры дала,
Бөктері бедерленген сала-сала-ей.
Елпетім айдай сырнайдай,
Талабым тоқтап тұрмайды-ай.
Егілген мәуе ағашы әр түрменен,
Өлкеге өң береді жаңа қала-ей.
Мекендеп отыр елім Бұлғын бойын,
Өсірген мыңғырылтып шопан қойын-ей.
Елпетім айдай сырнайдай,
Талабым тоқтап тұрмайды-ай.
Егілген мәуе ағашы әр түрменен,
Өлкеге өң береді жаңа қала-ей.
Бес түлік мал саласы түгел өсіп,
Істелді ылайықты бүгін тойым-ей.
Елпетім айдай сырнайдай,
Талабым тоқтап тұрмайды-ай.
Егілген мәуе ағашы әр түрменен,
Өлкеге өң береді жаңа қала-ей.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: