Жанымды толқын болып тербеп едің
Алдымда ақ ботадай еркеледің
Алқынып жете алмадым сағым қуып
Жасқанып жар ниетін бермеп едің
Жалын атқан жас жүректен
Жан ұнатқан бір сен едін, сенші сәулем
Еркежаным менің, сенші сәулем
Алқызыл май айының гүліндейсің
Құбылып құшағыма ілінбейсің
Қайтейін айтарым көп, амалым жоқ
Еркелеп тек әншейін күлімдейсің
Жалын атқан жас жүректен
Жан ұнатқан бір сен едін, сенші сәулем
Еркежаным менің, сенші сәулем
Алтын күн аспандағы жерге консын
Қуанып нұр сәулеңе кеуде толсын
Еркежан жақсы күндей жадырай бер
Тек қана жүрек кілті менде болсын
Жалын атқан жас жүректен
Жан ұнатқан бір сен едін, сенші сәулем
Еркежаным менің, сенші сәулем.
Сөзі: Н.Шәкенов
Әні: Ш.Қалдаяқов
Орындаушы: