Ертіс вальсі (текст)

Тамылжыған, мүлгіген айлы түнде
Қызықтаймыз көктемнің суретіне
Біз келеміз, Ертісте тербелеміз
Көлеңкеміз түседі су бетіне
Қасымдасың арманым
Алтын сәуле жан-жағым
Жырға толы жүрегім
Тыңда жан жарым!
Көгілдір көктем
Көңілім менің
Өзің сәулем, өзің сәулем
Өмірім менің
Өзің сәулем аңсарым шөлдегенде
Көңіл құсы сайрайды сен дегенде
Әзіліңе бір сенің, жаз үніңе
Дүниенің бар көркін теңгерем бе
Қасымдасың арманым
Алтын сәуле жан-жағым
Жырға толы жүрегім
Тыңда жан жарым!
Көгілдір көктем
Көңілім менің
Өзің сәулем, өзің сәулем
Өмірім менің.

 

Сөзі: Т.Молдағалиев

Әні: Б.Жамақаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: