Алматының бозғылт тұман түнінде,
Көп тұрып-ек жасыл терек түбінде.
Сүйемін деп асылып ең мойныма,
Қайда, қайда сол бір елес бұл күнде.
Айтшы, қалқам, қайда, қайда сол уақыт,
Болған ем ғой тапқандай бір мол бақыт.
Маңдайыңды сүйеп, сәулем төсіме,
Кетіп ең ғой кеудеме күн орнатып.
Айтшы жаным, қайда, қайда сол бір кез,
Қайда таныс, қайда мөлдір қара көз.
Терек те жоқ, сен де жоқсың, бұл күнде,
Есімде тек сүйем деген жалғыз сөз.
Сөзі: Қуандық Шаңғытбаев
Әні: Сыдық Мұхамеджанов
Орындаушы: