Жадау көк (текст)

Қайыңдыдан ән салдым ееей құлақ тіліп
Қызыл шарқат ойнатып аееей құлақ түріп
Жадау көк қайтейін қалқам амал жоқ
Қоштасқаның жан сәулем ееей естен кетпес
Кербездігі сүйеніп аееей жылап тұрып
Жадау көк қайтейін қалқам амал жоқ
Жадау көк
Жадау көк қайтейін қалқам амал жоқ
Жоғарғы елден келемін ееей керге мініп
Алтын тұғыр атбастың аееей өрге мініп
Жадау көк қайтейін қалқам амал жоқ
Өлі айырылмай қалқамнан ееей тірі айрылдым
Одан жақсы еді қалғаным аееей жерге кіріп
Жадау көк қайтейін қалқам амал жоқ
Жадау көк
Жадау көк қайтейін қалқам амал жоқ
Жадау көк
Жадау көк қайтейін қалқам амал жоқ.

 

Сөзі: Қайып

Әні: Қайып

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: