Жалт етіп өткен (текст)

Алау шақ өтеді-ау,
Сағынышым шекер-ау,
Біз аңсаған бақыт қайда екен?
Өткен күндер бекер-ау,
Оралмайды екен-ау,
Қиялыммен сені тербетем…
Жүректегі шырыным,
Құлағымда тұр үнің,
Көңілде солмай жүрген гүлім.
Аңса, мейлің, аңсама,
Сағынышпен қаншама,
Оралмайтын күндер екен ғой…

Қайырмасы:
Жалт етіп өткен,
Сонау бір көктем,
‘Қош бол’ енді деймін бе саған.
Жүрегім енді,
Бәріне көнді,
Қош бол, қалқам, жеткізбеді арман…

Шуағым, сәнім-ау,
Айтылмаған әнім-ау,
Естелік боп қана қаласың.
Көңіл деген әрқалай,
Жүрмедің бе қалқам-ай,
Жүректердің жалғап арасын.
Кезікпейсің енді сен,
Кезікпеймін енді мен,
Аңсаумен өткен күндер қанша?

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: