Жан құрбым (текст)

Бей уақта кездесіп ең жан құрбым,
Көргендей ем ақ жүзіңнен таң нұрын.
Неге оятып жүрегімді жандырдың,
Өзің бе әлде айтылмаған ән-жырым.
Гүлдей нәзік мөлдір таза сезімнен,
Сағындым ғой хабар күтіп өзіңнен.
Толған ай ма ең, әлде таңғы жұлдыз ба ең,
Бақытым ба ең, неге кештеу сездім мен.
Кеш жолықсаң кінәлі ме уақыт,
Кел көңіліңді жабырқатпай қуантып.
Жанарыңнан мөлт-мөлт етсе ыстық жас,
Әлдилетіп тербетейін жұбатып.

 

Сөзі: Аяз Бетбаев

Әні: Аяз Бетбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: