«Сырғалым» деп жырладым,
Сызыла кеп тыңдадың.
Айдай сұлу аруым,
Сен екенсің гүл бағым.
«Ақ моншақ» деп ән салдым,
Алтын таңды қарсы алдым.
Айдай сұлу аруым,
Тәтті үніңе тамсандым.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолыңда жүзік-ай.
Саусақтарың майысып,
Шай құйғаның қызық-ай.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолыңда маржан жүзік-ай.
Тал шыбықтай бұралып,
Білінбес басқан ізің-ай.
«Шашбаулыма» салғанда,
Құмарым бір қанған ба?
Айдай сұлу аруым,
Сен екенсің жалғанда.
Ақ білезік қолыңда,
Жарасымды оның да.
Айдай сұлу аруым,
Жаным құрбан жолыңа.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолыңда жүзік-ай.
Саусақтарың майысып,
Шай құйғаның қызық-ай.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолыңда маржан жүзік-ай.
Тал шыбықтай бұралып,
Білінбес басқан ізің-ай.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қарайсың жанды үзіп-ай.
Мына қысқа ғұмырдың,
Өзіңмен ғана қызығы-ай.
Сөзі: А. Асылбеков
Әні: А. Қоразбаев
Орындаушы: