Жастығым – мақтанышым (текст)

Жан сыры жүректің ақтарылсын,
Жырласам мақтап ісін.
Жалғасқан әр күні ерліктерге,
Жастығым — мақтанышым:
Шөл дала да алынды,
Мұзды мұхит бағынды,
Жастарыма жалынды.
Ну Тайгада БАМ салды,
Ғарышқа да жол салды,
Әлем түгел тамсанды.
Алау шағым,
Балауса әнім.
Биік ұстап еліміздің жалау-шамын.
Жастық әнін,
Жарасты сәнін,
Кел, шырқайық бірігіп біз достық әнін.
Бойынан бұла күш ақтарылған,
Жастықты — мақтан қылам.
Жүрмесін жас жігер жауыздыққа,
Содан тек сақтан, ұлан.
Бетбұрыста жариялық:
Жүрегімді ар ұя ғып,
Жүрсем деймін жар салып,
Бейбіт күнді қарсы алып,
Достарыммен ән салып.
Алау шағым,
Балауса әнім.
Биік ұстап еліміздің жалау-шамын.
Жастық әнін,
Жарасты сәнін,
Кел, шырқайық бірігіп біз достық әнін.

 

Сөзі: Ағзамхан Егембаев

Әні: Марат Омаров

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: