Жәмиға (текст)

Дүние дүмбір дегенде, дүние дүмбір,
Дүмбірлеткен жігітті дәл жиырма бір-ай, Жәмиға.
Оралыңның барында ойна да күл,
Қайта айналып келмейді өткен ғұмыр, Жәмиға.

Арғымақ жалғыз, ер малсыз,
Ағайын жүрмес кермалсыз.
Опасы жоқ дүние,
Өтер де кетер болжалсыз.

Көк қаршыға дегенде, көк қаршыға,
Көк қаршыға ұялар шоқпар шыңға-ай, Жәмиға.
Өмір бәйге болғанда, сен – бір жамбы,
Қапылыста қор болма көкпаршыға-ай, Жәмиға.

Арғымақ жалғыз, ер малсыз,
Ағайын жүрмес кермалсыз.
Опасы жоқ дүние,
Өтер де кетер болжалсыз.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: