Жеңіс жыры (текст)

Өрт лаулап, бұрқырап қорғасын,
Шеңгелін қанды ажал жайғанда,
Ойрандап жауыздың ордасын,
Болдық біз найзағай майданда!

Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!

Бел шешіп, қабағын ашпаған,
Бой жазды күлімдеп қалың ел.
Әлемді апаттан сақтаған,
Жеңіспен оралды жауынгер!

Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!

Жеңісім – салтанат, сән-сәулет,
Өмірім өркендей береді.
Жеңісім – береке, бақ-дәулет,
Осы ғой адамға керегі.

Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!

 

Сөзі: Ж. Өмірбеков

Әні: Е. Рахмадиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: