Ана тау мен мына тау төтелейін-ай,
Түйе басын маған бер жетелейін.
Жетіарал жерім-ай,
Сауық-сайран елім-ай.
Ой болса екен ендеше, ой болса екен-ай,
Өріп шығар қорадан қой болса екен.
Жетіарал жерім-ай,
Сауық-сайран елім-ай.
Құдайдан мың-мың мәрте сұрайтыным –
Аулымда күнде осындай той болса екен.
Жетіарал жерім-ай,
Сауық-сайран елім-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: