Жиырма бес (текст)

Беріп кет сақинаңды мыс та болса,
Жүрейік күліп-ойнап қыс та болса.
Таста да етігіңді байпақшаң кел,
Көрейін өз сорымнан ұстап алса.

Аха-хау, жалған,
Жиырма бес қайта айналып,
Дүние-ау келмес саған.

Қайғысыз қара жүрек зарламайды,
Екі дос бірін-бірі алдамайды.
Қара тас ұйқың келсе болар мамық,
Шын ғашық сұлулықты таңдамайды.

Аха-хау, жалған,
Жиырма бес қайта айналып,
Дүние-ау келмес саған.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: