Жиырма бес қайта келмес (текст)

Алдайынан деуші едім, алдайынан,
Қалпақтының күн өтпес маңдайынан, ой, гүлім-ай.
Жастау кезде, қалқам-ау, жолықпадың,
Ақын болсаң бал тамған таңдайыңнан, ой, гүлім-ай.

Суға барсаң месіңді ал,
Бір шыбықты кесіп ал,
Қайда барсаң, онда бар,
Жаным ортақ есіңе ал.
Халилім, сәулем, жиырма бес,
Екі айналып, айдай,
Қайта келмес-ай.

Еліңменен сыбайлас елім отыр,
Қыз алысып ежелден беріп отыр, ой, гүлім-ай.
Тапсаң тәуір өлеңнің тазасын айт,
Үлкен-кіші сөзіңе келіп отыр, гүлім-ай.

Су ағады сайменен,
Шырақ жанар майменен,
Екі жақсы қосылса,
Күн туады айменен.
Халилім, сәулем, жиырма бес,
Екі айналып, айдай,
Қайта келмес-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: