Қауымдас кел, жолдастар, ақылың қос-ей,
Надан боп жас өмірді-ай өткізбе бос-ай.
Кең толғап, терең ойлап айқындайық-ей,
Екенін кімнің дұшпан, кімдердің дос-ай.
Жолдастар, отырмаңдар, оян, ойлан-ей,
Құрыш күш құжынатып қайнат бойдан-ай.
Көпшілік, орындашы барлығын-ей,
Мақсатың ата-ананың алға қойған.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: