Жонып алды (текст)

Аты еді бұл әнімнің “Жонып алды”,
Алғандай сұлу жонып өрім талды.
Жасымнан сүйіп айтқан ән болған соң,
Жаңылмай әлі күнге есте қалды.

Жан едім әсем әнді сүйіп айтқан,
Жағымды көпке бірдей, жұрт ұнатқан.
Келетін нақысына жүз құбылып,
Кейде өрлеп, кейде шалқып, баяулатқан.

Кім сүймес көкке өрлеген әсем әнді,
Көңілдің күйін шерткен көркем сәнді.
Болғанда бойға қуат, ойға азық,
Балқытып еріткендей тербеп жанды.

 

Сөзі: Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: