Жұлынған гүл (текст)

Нұрына таңның әсем,
Боялды жасыл орман.
Мені еске алдың ба сен,
Оралмас асыл арман.
Қалампыр гүлін көрсем,
Еске алам, кешір күнім.
Басқа үйде бұл күнде сен,
Айтсаң да бесік жырын.
Аймаққа көктем келді,
Қақпаймын есігіңді.
Ұмыт деп өткендерді,
Сұрама кешірімді.
Жүрек те суыған бір,
Жібімес, рас, жаным.
Көріп пе ең жұлынған гүл,
Қайтадан бүр ашқанын.

 

Сөзі: Ақұштап Бақтыгереева

Әні: Аяз Бетбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: