Қол соғып, жағада тал билегендей,
Тақалып, ерніңе ерінім тимегендей.
Асылым, аппақ нөсер саған ұқсап,
Шомылды алтын ай кеп шилі өзенге.
Айлы түнім арман едің,
Ардағыма жалғап едің.
Арманыма жалғап едің.
Арманым-ай,
Ардағым-ай,
Жалған ба едің?!
Өзендей, ой шомылған мені дірілдеп,
Қымтадың етегіңді сен күлімдеп.
Ойнайды қайта-қайта көйлегіңмен,
Аймалап менен бұрын жел жүгірмек.
Айлы түнім арман едің,
Ардағыма жалғап едің.
Арманыма жалғап едің.
Арманым-ай,
Ардағым-ай,
Жалған ба едің?!
Ерніңе балқып ернім жанасқанда,
Дегендей алыстамын: «Ей, жасқанба!»
Көзімді қайта ашқанда мен күлімдей,
Кетіпті көтеріліп ай да аспанға.
Айлы түнім арман едің,
Ардағыма жалғап едің.
Арманыма жалғап едің.
Арманым-ай,
Ардағым-ай,
Жалған ба едің?!
Сөзі: С. Оспанов
Әні: Қ. Дербісалин
Орындаушы: