Кәрирә жан сәулем (текст)

Өлеңді айтпай болмас ей үйренген соң,
Сел болар қылған қайрың күңіренген соң.

Кәрирә жан сәулем.

Аттай боп арпа жеген аңсайды екен,
Бір жүріп екі жақсы үйренген соң.

Кәрирә жан сәулем.

Көзіңнен айналайын оймылдаған,
Не сақтап, нені, қалқа, қойдың маған.

Кәрирә жан сәулем.

Қарағым қандай жанды жарылқайсың,
Пенде жоқ бір өзіңнен ой қылмаған.

Кәрирә жан сәулем.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: