Он жыл бұрын нұрға толы жанымыз
Арман қуып кеткен едік бәріміз
Он күндей боп он жыл өтті, кездестік
Бас қосуға арналады әніміз
Достар, достар кетсек те біз есейіп
Бар қызығын өмірдің бір кешейік
Он жыл өтсін, жыл жиырма, жүз жыл өтсін
Амандықпен әрқашан кездесейік
Жүздесейік
Мериуерт толы, маржан толы көңілден
Бал бақыттың әсем әні төгілген
Дүниеге кірпіш болып қаланып
Орнымызды таптық бүгін өмірден
Достар, достар кетсек те біз есейіп
Бар қызығын өмірдің бір кешейік
Он жыл өтсін, жыл жиырма, жүз жыл өтсін
Амандықпен әрқашан кездесейік
Жүздесейік
Бір ұядан түлеп ұшқан құстарымыз
Жақсылық пен адалдыққа құштармыз
Еңбекпенен тіршілікке сән беріп
Достық туын әркез биік ұстармыз
Достар, достар кетсек те біз есейіп
Бар қызығын өмірдің бір кешейік
Он жыл өтсін, жыл жиырма, жүз жыл өтсін
Амандықпен әрқашан кездесейік
Жүздесейік
Сөзі: Е.Бағаев
Әні: Б.Дәлденбаев
Орындаушы: