Көзімнің мөлдірін ай (деп іздейді кейбіреулер — ол қате)
Барады аулым көшіп Қызылжарға,
Таң атар шолпан туып сызылғанда
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Осы әнге қоңырлатып сала берем,
Көңілім сені ойлап бұзылғанда
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Құландай жүйрік майда жал-ай,
Бар ма екен біздей ынтызар-ай.
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Не қалды, қарайғанда қамыс қалды,
Ауылы қалқатайдың алыс қалды.
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Аулына алыс қалған қарай-қарай,
Қайрылып қаршығадай мойным талды.
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Құландай жүйрік майда жал-ай,
Бар ма екен біздей ынтызар-ай.
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Көзіңнің мөлдірін-ай текст
Сөзі: Халық әні
Әні: Халық әні
Орындаушы: Халық әні
Видеоға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=6PjQ8QYyeTU