Абайкөк (3-нұсқа)

Published on 01/01/2017

Қараойда ма аулың, Бозталда ма, Абайкөк,
Қарай-қарай артыңа көз талды ма, Абайкөк.
Әй-ау десем, артыңа қарамайсың, Абайкөк.
Шыныменен көңілің бек қалды ма, Абайкөк.

Есік алды мойылды сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.

Дәйім менің мінгенім сұрша құнан, Абайкөк.
Қозы ағыттым көгеннің бұршағынан, Абайкөк,
Шыныменен пейілің менде болса, Абайкөк,
Жолығайық ауылдың сырт жағында, Абайкөк.

Есік алды мойылды сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"