Абайкөк (5-нұсқа)

Published on 04/02/2017

Қарағым айналайын мінезіңнен әй! Абайкөк,
Келмесең шақырғанда кінә өзіңнен.
Әй, бір көрсем сені арман жоқ.
Толғатып тоқсан әйел ұл тапса да, Абайкөк,
Садақа соның бәрі бір өзіңнен
Әй, бір көрсем сені арман жоқ.
Жапалақ жалбаң-қалбаң ұшар сайдан, Абайкөк,
Лашын құс қуып жетер әлде қайдан,
Әй, бір көрсем сені арман жоқ.
Шырқаған еркін даусың жүрегімде, Абайкөк,
Аршын төс алма мойын келдің қайдан?
Әй, бір көрсем сені арман жоқ.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"