Айхай, заман өтіп барады-ай (текст)

Айхай! Заман өтіп барад(ы)-ай!
Біздің ауыл Шалкөде шұқырында, оу-ай,
Мін болмайды сұлудың мықынында, айхай,
Заман өтіп барады-ай.

Әріп танып, мінеки, балаларым, оу-ай,
Еш жамандық жоқ екен тұқымында, айхай.
Заман өтіп барады-ай.

Біздің ауыл Шалкөде жиегінде, оу-ай,
Мін болмайды сұлудың иегінде, айхай,
Заман өтіп барады-ай.

Жасөспірім жас бала, келдің қайдан, оу-ай,
Еш жамандық жоқ екен сүйегінде, айхай,
Заман өтіп барады-ай.

Ата-анаңнан айналдым сені баққан, оу-ай,
Болсын енді, балалар, жасың ұзақ, айхай,
Заман өтіп барады-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: