Алақанна ұшқан аққуым

Published on 26/01/2017

Алақаннан ұшқан аққуым
Барасың ұзақ шалғайға
Қанатың қалқам талмайма
Жаныңа медет болғайды-ай

Желкілдеп өскен құрағым
Еркіндеу өскен шырағым
Әкеңнің барма арманы
Табылса тенің сыңарың

Қарлығаш қанат қарағым
Қайырлы болсын қадамың
Өзіңсің енді еншісі
Кең жайлау екі араның

Алақаннан ұшқан ақ құсым
Бір үйге сенде бақпысың
Алыстап бара жатқаның
Арқама менің батты шың

Ағайын туыс ұяда
Жақынын жатқа қия ма
Ақ ордаң алтын бесігің
Келіп тұр ұшқан ұяңа

Жақсыда жаттық болар ма
Жаманға көңілің толар ма
Жұбыңмен келіп тұрғайсың
Жалғыздан-жалғыз оралма

Қош аман қызым қош аман
Көңілімді қайтем босаған
Алдыңнан ашсын бағыңды
Аттаған жаңа босағаң
Алдыңнан ашсын бағыңды
Аттаған жаңа босағаң.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"