Асыл-ай (текст)

Айналайын атыңнан, Асыл айым-ай,
Мен несіне сырымды жасырайын-ей, Асыл-ай.
Шыныменен көңілің менде болса-ей,
Балапандай жем беріп асырайын-ей, Асыл-ай.

Торғын салың басыңда,
Жан сүйерің қасыңда.
Ақсұр аттай ойнақтап,
Жүрші меніңай қасымда.

Аулым көшіп барады Алмалыға,
Ой білмеймін шын істің, айдай, жалғанын-ай.
Бір кетпейтін есімнен есіл қалқам,
Жетер ме екен қол созған айдай, арманына-ай.
Аулым көшіп барады Алмалыға,
Кім көнбейді тағдырдың, айдай, салғанына-ай.
Бір кетпейтін есімнен есіл қалқам,
Кетер ме екен біреудің, айдай, қармағыңда-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: