Ау, қарағым-ай (текст)

Айналайын-ай, көзіңнен-оу, күлімдеген-ай,
Тал бойыңнан-ай оғаштық білінбеген-ай.
Неткен жақсы еді-ай мінезің-ау, майда қоңыр-ай,
Көрген адам сыртыңнан күлімдеген-ай.

Ау, қарағым-ай,
Сен дегенде
Тартады оң қабағым-ай.

Айналайын-ай көзіңнің-ай қарасынан-ай,
Хат жазайын-ай қасыңның арасынан-ай.
Асыл бешпент-ай үстіңнен-ай шешіп берген-ай,
Айналайын-ай қолыңның саласынан-ай.

Ау, қарағым-ай,
Сен дегенде
Тартады оң қабағым-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: