Ахау айдай (текст)

Жүргенде қараңғыда-ей қабанымыз,
Ауырар жаяу жүрсек табанымыз-ай.
Боз торғай қой үстінде-ей жұмыртқалайт,
Дейтұғын енді туды заманымыз-ай.

Ахау айдай, әнім қандай,
Келбеті қалқатайдың туған айдай-ай.

Көшкенде жылқы айдаймын-ей белеңменен,
Қара көк өзі-ай сұлу дөненменен-ай.
Кеткенде жерің шалғай-ей әттең, құрбым,
Жүремін сені жоқтап өлеңменен-ай.

Ахау айдай, әнім қандай,
Келбеті қалқатайдың туған айдай-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: