Ағажай Алтай

Published on 09/03/2017

Аппақ шыңы Ай сүйген асқар Алтай,
Арайлы күн алтын нұр шашқан, Алтай!

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Анам болып әлдилеп, күндіз-түні,
Бесігімдей тербеттің, жастан, Алтай.

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Мінген атым астымда телкүреңім-ой,
Ел аралап, ән салып көп жүремін,

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Болсам егер дәрігер қолы жеңіл-ой,
Жараланған емдейтін ел жүрегін,

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Екі торы ат белдеуге байламадым-ой,
Бұл дүниенің өтерін ойламадым,

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Жастық дәурен барады арманда өтіп-ой,
Қол ұстасып өзіңмен ойнамадым,

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"