Ақ саусақ, қыпша бел (2-нұсқа) (текст)

Сен дегенде сәулежан, ей, ойым бөлек,
Он жасымнан өлеңге болдым зерек.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

Бағаласам бағаңа жан жетпейді,
Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

Дәйім менің мінгенім қара тал тай,
Неге міндім шіркінді тағалатпай.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

Кәмшәт бөрік шекеме қырын киіп,
Жүруші едім мен-дағы жан жаратпай.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: