Бөдел кер

Published on 09/03/2017

Әрине, айтар едім өлең білсем, бөдел кер,
Арғымақтай шұлғытып жорға мінсем-ай.
Шіркін, кәрілік жақындап келе жатыр, бөдел кер,
Ойнап-күліп жастармен бірге жүрсем-ай.

Бөдел-бөдел-бөдел кер,
Бөлектенбей бері кел.
Қыр мұрынды, қыпша бел,
Мықты, өжет-ай сен-ай бол.

Әрине, айтар едім өлең білсем, бөдел кер,
Кіреуке жаға салып жейде кисем-ай.
Жалғаннан армансыз боп өтер едім, бөдел кер.
Шұлғытып шұбар ала дүлдүл мінсем-ай.

Бөдел-бөдел-бөдел кер,
Бөлектенбей бері кел.
Қыр мұрынды, қыпша бел,
Мықты, өжет-ай сен-ай бол.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"