Екеуің ойланшы өзің-ай

Published on 01/01/2017

Қалқатай бұлай десең, аузыңа май,
Жүрекке жай жатады қант пен шай,
Екеуің ойланшы өзің-ай.

Өзіңдей жақсылармен бас қосқанда,
Тамаша бола бермес күнде мұндай,
Екеуің ойланшы өзің-ай.

Дегенде әуел анар, әуел анар,
Ішкенде анар суын мейір қанар,
Екеуің ойланшы өзің-ай.

Кезіміз күнде мұндай келе бермес,
Сөз сөйле бес-алты ауыз мейір қанар,
Екеуің ойланшы өзің-ай.

Тағы да әуел ызғар, әуел ызғар,
Жел тұрса жоғарыдан бетің мұздар,
Екеуің ойланшы өзің-ай.

Бас қосып осындайда кездескенде,
Өлеңді бесалты ауыз айтыңыздар,
Екеуің ойланшы өзің-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"