Есентай (текст)

Қолында қыз баланың алтын балдақ,
Дарияға түсе қалдым атым жалдап.
Алыстан асаукермен келгеніңде,
Алдыңнан еркең шықсын бипалаңдап.
Сағындым деп көзіңе жас алғанда,
Тұрады жаутаң қағып қыз кербалдақ.
О, қыз кер балдақ,
Қыз кер балдақ.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: